Аштықтан қара қудың етімен құтылмақ
Аштықтан қара қудың етімен құтылмақ
3 жыл бұрын 2709 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Yuting Liu / Unsplash

Солтүстік Корея елдегі қуаңшылық пен ядролық бағдарламасына байланысты санкция салдарына байланысты төніп келе жатқан аштықтан қара қудың етімен құтылуды жөн көріп отыр. Осы мақсатта елдің шығысында орын тепкен Kwangpho Duck деп аталатын аса ірі фермада қара қуды өнеркәсіптік деңгейде өсіруді қолға алып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Корей халық демократиялық партиясының билігінің мәлімдеуінше, қара қудың еті шипалы әрі дәмі тіл үйіреді. Бұдан бөлек, аталған тотолитарлық елдің ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі қара қу етінде ақуыздың мол болатынын әрі сіңімді келетінін алға тартып отыр. Ең бастысы – қатерлі ісікке қарсы шипалы қасиетін сөз етіп отыр. Солтүстік Корей билігі қара қуды өнеркәсіп деңгейінде өсіруді 2019 жылы жоспарлаған болатын. Алайда, түпкілікті шешім енді қабылданып отыр. КХДР көсемі Ким Шен Ын халқына 2025 жылға дейін Қытаймен арадағы шекара ашылғанша тартына тамақтана тұру керектігін ескерткеннен кейін. КХДР Қытаймен арадағы шекараны 2020 жылдың қаңтар айында жауып тастаған еді – жұқпалы індеттің ел аумағында таралуына тосқауыл қою үшін. Бұл шектеу әрі оқшаулау нәтижесінде азық-түлік бағасы бірден шарықтап шыға келді. Бүгінде аталған шамамен 860 тонна азық-түлік тапшылығын тартып отыр.  

0 пікір
Мұрағат