Аштық не жегізбейді: топырақтан «нан» пісіретін кедейлер қауымы (фото+видео)
Аштық не жегізбейді: топырақтан «нан» пісіретін кедейлер қауымы (фото+видео)
5 жыл бұрын 6875 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гаити тұрғындарының дені жоқшылықтан көз ашпағандықтан аяқ астындағы топырақтан «нан» илеп пісіреді. Әлемде қанша тағам өнімі қоқысқа тасталатын ысырапшылдықтан, ас та төк тоқшылықтан кекірігі азғандардың, тіпті, түсіне де кіре бермейтін бұл сұмдық осы күні кездеседі деп кім ойлаған. Тойып «секіретін» ел семіздіктен көресіні көріп жатса, тоңып «секіретін» ел бір үзім нанға зар. Ашқарынды алдарқату үшін тапқан амалдары – топырақтан «нан» жабу... Сары балшықтан нанға ұқсатып, дәмін кіргізу үшін қолы жеткендер маргарин немесе қандай да бір өсімдік майын қосады. Жоқтары сумен шектеледі. Топырақтан «пісірілген» нан базарда ұн, күріш, жеміс-жидек сатылатын базарда саудаға шығарылады. Топырақ «нанды» қалтасы жұқа кедейлер алады. Бір топырақ «нанның» бағасы – 5 цент тұрады. Өйткені, өзге азықтың бағасы аспанға ұшып тұр - екінің бірі емес, орта есеппен алғанда онның бірінің қолы жете бермейді. Тіпті, топырақтан құймақ пісіретін арнайы «наубайхана» да бар бұл ел аумағында.

Продавцы грязи Гаити

Технология выпечки глины Гаити

0 пікір
Мұрағат