Аштық жайлап барады...
Аштық жайлап барады...
5 жыл бұрын 3467 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы 3 жылда әлемде аштыққа ұшырағандар саны тағы 10 млн адамға ұлғайған. Яғни, ашқұрсақ адамдар қарасы артып келеді. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының "Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану саласындағы хал-ахуал" деп аталатын баяндамасында мәлім етілген. Ашқұрсақ өмір сүретіндер қарасы, әсіресе, экономикалық өсімі баяулаған, халықаралық шикізат саудасына тәуелді елдерде көп. Соның ішінде аштықтың зардабын Азияның оңтүстігінде орын тепкен елдер тартып отыр. Дәлірегі, Азияның оңтүстігінде 500 млн адам ашқұрсақ өмір сүруде. Ал Африка құрлығында бұл көрсеткіш 256 млн адамға жеткен. Өткен жылы 820 млн адам ашқұрсақ өмір сүрген. Сонымен қатар, аштықпен қатар бір мезгілде семіздік індеті де жайлап келеді. Әсіресе, балалар арасында. Өткен жылы бес жасқа дейінгі балалардың шамамен 40 млн-ы немесе балалардың 5,9 пайызы артық салмақтан зардап шеккен. 

0 пікір
Мұрағат