Ашқұрсақ өмірден ерте өтетіндер қарасы артады
Ашқұрсақ өмірден ерте өтетіндер қарасы артады
3 жыл бұрын 2783 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу болашақта азық-түлік тапшылығынан адамзаттың басына қара бұлт үйіріледі. Тура мағынасында. Дәлірегі, жаһандық жылынудан азық-түлік тапшылығының салдары мен зардабынан жасына жетпей өмірден озатыдар қарасы күрт артады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Change дерек көзіне жөн сілтеген EurekAlert! Ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта 2000-2015 жылдар аралығында емханаға түскен Бразилия тұрғындарының шамамен 80%-ның мәліметін сараптаған болатын. Бұдан бөлек, ғалымдар тәулігіне орташа температураға да назар аударған еді. Белгілі болғандай, жылдың ыстық мезгілінде ауа температурасы бар-жоғы бір градусқа көтерілген күннің өзінде ашқұрсақ жүрудің салдарынан ауруға ұшырағандар қарасы 2,5%-ға артқан. Бәрінен бұрын аптап ыстықтан жасы 80-нен асқан және бес жастан 19 жасқа дейінгі адамдар зардап шеккен. Яғни, таяу жылдары жаһандық жылыну тойып тамақтанбаудан ауру жамап алатындар қарасының көбеюіне себеп болмақ. Бұдан бөлек, аптап ыстық адамның тәбетін басады, ас қорыту жүйесінің қызметін бұзады. Климат өзгерісі адамзаттың азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін 3,2%-ға азайтады, ол ол ма, 2050 жылға қарай ашқұрсақ өмірден жыл сайын 30 мыңға тарта адам көз ұматын болады.

0 пікір
Мұрағат