Ашқұрсақ адамдардың қарасы бірнеше миллионға артады
Ашқұрсақ адамдардың қарасы бірнеше миллионға артады
7 жыл бұрын 4090 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық сарапшылары әлемдегі аштық мәселесіне арналған жыл сайынғы баяндамасын жария етті. Онда ашқұрсақ адамдардың қарасы әлем бойынша артып келе жатқаны айтылған. Өткен жылы 124 млн адам болса, бұл көрсеткіш 2016 жылы 11 млн-ға кем болатын. Баяндамада баса айтылғандай, бұған ең алдымен әскери шиеленістер мен қарулы қақтығыстар, таби,и апаттар, негізгі азық-түрлерінің бағасының шарықтап өсуі себеп болып отыр. Мәселен, қарулы қақтығыстан 18 елдіңң тұрғындары аштыққа ұшырап отыр. Олардың 15-і Африка құрлығында және Таяу Шығыс аймағында. Ал құрғақшылықтан, басқа да табғи апаттардан әлемнің 23 елінде азық-түлік дағдарысы орын алған. Азық-түлік тапшылығы орын алған елдің үштен екісі Африка құрлығында. Сарапшылар биыл азық-түлік дағдарысы орын алуы ықтималдылығы жоғары елдерді атады: әскери қақтығыс толастамаған Ауғанстан, Орталық Африка Республикасы, Конго демократиялық республикасы, Нигерия, Чад көлі аймағы, Оңтүстік Судан, Сирия, Либия, Мали, т.б. Ал Сомалидің, Эфиопияның, Кенияның және Африка елдерінің бірқатарыың ауыл шаруашылық аймақтарында құрғақшылық жайлайды. Бұл өз кезегінде ашқұрсақ адамдар қарасының көбеюіне әсер етпек. Қазіргі уақытта азық-түлікпен байланысты ең ауыр ахуал соғыс жүріп жатқан Йемен аймағында орын алған. Келесі жылы жағдай мұнан да төмендейді.

0 пікір
Мұрағат