|
Аса қауіпті індет жайпап барады
|
Нигерияда көбінесе адам өлімімен аяқталатын аса қауіпті індет бас көтерді. Ласса безгегінен 31 адам көз жұмған. Бұл жайында қытайлардың Синьхуа ақпарат агенттігі аталмыш елдің денсаулық сақтау министрі Исаак Адебол Фолоруншоға сілтеме жасай, хабар таратты. Министр ресми түрде 105 адам қауіпті індетті жұқтырғанын растады. Олардың 77-і биыл, яғни, 2018 жылы жұқтырған. Індет жұқтырған 10 медицина қызметкерінің төртеуі осы кеселден өлген. «Бұрын Ласса безгегі тек құрғақ маусымда ғана бас көтеретін, жыл бойы осы індетпен арпалысатын болып жүрміз»,- деп мәлімдеді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Түсік жасатқысы келетін әйелге алдымен наным-сеніміне қарай дін қызметкерімен сөйлесуді міндеттейтін ережесі бар емханалар қай елде
■
Роберт Кийосаки бүй дейді: