Аса ірі мұсылман елінің байырғы халқы өздерін интернеттен ажыратуды талап етуде
Аса ірі мұсылман елінің байырғы халқы өздерін интернеттен ажыратуды талап етуде
2 жыл бұрын 1303 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: imf.org

Индонезияның байырғы халқының қауымдастығы ел билігінен өздері тұратын аймақты интернеттен ажыратуды талап етіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Merdeka ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастаманы Йауа аралындағы Бантен провинциясында қарасы 26 адамды құрайтын Бадуй тайпасы көтерген екен. Аталмыш тайпа замануи технология игіліктерінен бас тартумен аты шыққан. Жергілікті тұрғындар маңайдағы телекоммуникациялық мұнараларды алып тастауды талап етуде. Олардың айтуынша, интернет азғындыққа бастап, жастардың санасын улап, өмір сүру салтын өзгертеді. Оңтүстік-шығыс Азияда мұсылмандар қарасы көп, сол себепті, құмар ойындар мен порнографияға қатаң тыйым салынған. Бұдан бөлек, интернет провайдерлерінен немесе операторларынан контенттерді ұдайы сүзгіден өткізіп отыруды талап етеді.

0 пікір
Мұрағат