Аса ірі мұсылман елі байларға айрықша виза енгізуді көздеп отыр
Аса ірі мұсылман елі байларға айрықша виза енгізуді көздеп отыр
2 жыл бұрын 1058 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Denissa Devy / Unsplash

Әлемдегі аса ірі мұсылман елі, дәлірегі, Индонезия билігі бес жылдан он жылға дейін созылатын, дәулеті шалқыған байларға арнайы виза режимін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы ANTARA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экономикасын көтеру, туристік әлеуетті арттыру үшін арнайы виза режимін енгізу соңғы жылдары әлемнің кей елдерінде (мәселен, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, т.б. мұсылман елдерін атауға болады) қолданыла бастаған тәжірибе. Халқының саны көп болуына байланысты үлкен нарықты құрайтын оңтүстік-шығыс Азиядағы осынау мұсылман елі де бұл тарапта өз нұсқасын ұсынып отыр. Индонезияның Әділет министрлігі және Адам құқықтары жөніндегі бас иммиграция басқармасының баспасөз хатшысы Видодо Екатияхжана (Widodo Ekatjahjana) G20 саммитін «әділ азиялық ел үшін бұл ең жаңа виза ұсынысын әлемге жариялау үшін тамаша сәт» деп аталған ел аумағында өтетін «Үлкен жиырмалықтың» жиынын орайы келген сәт ретінде пайдалануға ниетті екенін жеткізді. Индонезиялық лауазымды мемлекеттік қызметкердің айтуынша, «екінші үй визасы» ауқатты шетелдіктерге Индонезияда 5 жылдан 10 жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Индонезия билігі осы мақсатта, сондай-ақ елге ірі капиталы бар адамдарды, атап айтқанда, «бүкіл дүние жүзіндегі миллиардерлерді» тарту үшін фискалдық емес ынталандыру саясатын қолға алмақшы. «Екінші үй визасын» алған шетелдік азаматтар Индонезияда жұмыс істеу, инвестициялау және жергілікті экономикаға үлес қосатын басқа да әрекеттер үшін қала алатыны атап өтілді. Бұл бағытта мұндай виза алғыңыз келсе, банк шотында 131 000 доллардың бар екендігі туралы дәлелдеме қоса отырып, Иммиграциялық кеңсенің веб-сайты арқылы өтініш бере аласыз. Шетелдіктерге виза шамамен 200 доллар тұрады.

0 пікір
Мұрағат