Аса ірі мұнай қорына ие он ел. Саудия 2-ші орында
Аса ірі мұнай қорына ие он ел. Саудия 2-ші орында
3 жыл бұрын 4799 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия мұнай шикізатының нақты барланып, дәлелденген қоры бойынша әлемде екінші орында тұр - 267,1 млрд баррел немесе әлемдегі мұнай қорының 17,2%; 2020 жылдың соңына таман мұнай қоры шамамен 1,55 трлн баррелді құраған. Бұл жайында islam.kz порталы Al Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның энергетика министрлігі мен ОПЕК ұйымының келтірген дерекке қарағанда, Саудияның мұнай қоры өткен жылы 0,003%-ға немесе 9 млн баррелге артқан. Аталған араб елінің Al-Eqtisadiya мерзімді басылымының мәліметі бойынша Саудия мұнай қоры жағынан Венесуэладан кейінгі орында тұр. Латын Америкасында орын тепкен аталған елдің барланып, дәлелденген мұнай қоры - 303,6 млрд баррел (әлемдік мұнай қорының 19,6%-ын құрап отыр). Саудияның мұнай қоры Таяу шығыс аймағының мұнай қорының 31,1%-ын құрайды (аталған өңірдегі мұнай қорының 860 млрд баррелін құрайды). Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай қоры 1,24 трлн баррелге жеткен ОПЕК-ке мүше елдер арасында мұнай қорының 21,6%-на ие. 2020 жылы әлемдік мұнай қоры 0,2%-ға артқан (2,63 млрд баррел). Біріккен Араб Әмірлігі мұнай қорының өсу есебінен.

Мұнай қоры мол елдер

Бұл тізімде Венесуэла (303,6 млрд баррел) көш бастап тұр. Алғашқы ондыққа, сондай-ақ, Саудия (267,1 млрд баррел), Иран (208,6 млрд баррел немесе әлемдік мұнай қорына шаққанда - 13,5%) және Ирак (145 млрд баррел, әлемдік қордағы үлесі - 9,4%). БАӘ мұнай қоры жағынан Кувейтті басып озып, төртінші орыннан көрінді - 107 млрд баррел немесе әлемдік мұнай қорының 6,6%-на ие. Ал алтыншы орынға жайғасқан Кувейт - 101,5 млрд баррел немесе әлемдік мұнай қорының 6,6%-ы. Жетінші орынға табан тіреген Ресей Федерациясы - 80 млрд баррел немесе әлемдік мұнай қорының 5,2%-ы. Одан кейінгі орынға иек артқан Либия - 48,4 млрд баррел немесе әлемдік мұнай қорының 3,1%-ы. Тоғызыншы орыннан төбе көрсеткен АҚШ - 44,5 млрд баррел немесе әлемдік мұнай қорының 2,9%-ы. Оныншы орынды Нигерия тұйықтаған - 36,9 млрд баррел немесе әлемдік мұнай қорының 2,4%-ы.

Осы орайда ОПЕК тақтатас мұнайын есепке алмайтынын айта кетпекпіз. Канада мұнайдың мол қорына ие, алайда, көп бөлігін тақтатас мұнайынан тұрады. 

0 пікір
Мұрағат