Арзан майдың дәуірі өтіп барады
|

Палма майының ең ірі өндірісі күллі әлем бойынша тек Индонезияда ғана бар. Алайда, соңғы жылдары оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елде палма майынан биологиялық отын өндірісінің артуына байланысты палма майы қымбаттайды және бағасы енді түспейді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда палма майының барлық салада, соның ішінде тағам өнімдерінен бастап, техникалық бұйымдарға дейін қолданылатынын айта кеткіміз келеді. Бұдан бөлек, палма майы әлемдегі барлық өсімдік майларының жартысын құрайды. Дораб Мистри есімді сарапшының айтуынша, бір тоннасы жеңілдікпен бар-жоғы 400 долларға сатылатын палма майының бір тоннасы бірнеше есеге қымбаттайды. Өсімдік майының ең ірі тұтынушы ел ретінде танымал Үндістан палма майының өнделмеген түрінің, яғни, шикізат күйінде әр тоннасы үшін өткен айда 1185 доллар төлеуге тура келген. Ал 2019 жылы палма майының әр тоннасы үшін 500 долларға жетпейтін сомада сатып алған еді.




