Артық салмақтан зардап шегетін саудиялық тұрғындар қарасы халық санының жартысына жетті
Артық салмақтан зардап шегетін саудиялық тұрғындар қарасы халық санының жартысына жетті
2 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының ересек тұрғындарының жартысына жуығы артық салмақтан зардап шегеді.  Аталған араб елінің статистика бюросы бұл тарапта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 15 және одан жоғары жастағы саудиялықтардың 23,1%-ы семіздік дерітне ашлдыққан, 45,1%-ы артық салмаққа ие. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arabian Business  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі жастан 14 жасқа дейінгі балаларға келсек, олардың 14,6%-ы семіздікке шалдыққан, 33,3%-ы осы жастағы балалар артық салмақ қосқан. Ересектердің тек 10,2%-ы ғана (15 және одан жоғары жастағылар) жемістер мен көкөністерге тәуліктік мөлшерін (бес және одан да көп порция) тұтынады. Осы орайда Біріккен Араб Әмірлігінің билігі 2024 жылдың ақпан айында балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен етек алған семіздік дертімен күресуге арналған, елу жылға шақталған ұлттық бағдарлама әзірлегенін айта кетпекпіз. Аталмыш бағдарламада саламатты өмір салтын насихаттаудан бастап, артық салмақтан болатын аурулармен күресуге дейінгі кешенді іс-шаралар қамтылған. Бүгінгі таңда БАӘ-де балалар мен жасөспірімдердің 17,3%-ы семіздік дертіне шалдыққан.

0 пікір
Мұрағат