Арнайы туристік виза беріледі
|
Сауд Арабиясының туризм жөніндегі басқармасының жетекшісі, ханзада Сұлтан бин Салман бен Әбдіәзіз мәлімдегендей, жақын арада осы елге саяхаттап келгісі келетіндерге туристік виза беріледі. Аталған ел билігі мұндай қадамға экономиканы әртараптандыру мақсатында әрі тек мұнай табысынан құралатын бюджет тапшылығын жою мақсатында барып отыр. Бұл жайында Straits Times ақпарат көзі хабар таратты. Қажылық маусымынан бөлек бұл елге турист болып келетіндер үшін виза алу тым қымбатқа түсетін рәсім әрі күрделі болып келеді. Тағы бір айта кететіні, келес аптада ел астанасы - Ер-Риад қаласында археологтарға арналған құрылтай өтеді. Айтулы шара барысында ел аумағындағы тарихи маңызы зор орындар әлем жұртшылығының назарына ұсынылады. Сондай-ақ, мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салман Қызыл теңіздегі елу аралдың элиталық курортқа айналдырылатынын мәлімдеген болатын.