Армяндардың нәсілшілдігі қатерлі сипат алып барады
Армяндардың нәсілшілдігі қатерлі сипат алып барады
8 жыл бұрын 4091 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Армениядағы діни және этникалық азшылықты құрайтындардың өкілдері титулды ұлт тарапынан кемсітушілікке ұшырап келеді. Бұл жайында дискриминацияға қарсы «Мемориал» орталығы мен азаматтық қоғам институтының баламалы есебінде айтылған. Аталған ұйымдардың құжаты Біріккен Ұлттар Ұйымының бейіндік комитетінің сессиясында жұртшылықтың назарына ұсынылды. Баяндама авторларының мәліметіне қарағанда, Арменияда кемсітушіліке қарсы заң жоқ, азшылықты құрайтын дін мен ұлт өкілдерінің жағдайы ауыр және білім беру бағдарламасында да кемсітушілікке жол берілген. "Кавказ торабы" ақпарат көзінің дерегі бойынша өз мемлекеті жоқ ұлттың өкілдері, атап айтқанда, езиттер, ассириялықтар және күрдтер қатты кемсітушілікке ұшырап отыр. Сондай-ақ, түріктер мен әзірбайжандар да ұлтшылдардан зардап шегіп отыр. Ол ол ма, діни және этникалық азшылықты құрайтындармен некеге тұрған армяндардың өздері қысым көріп келеді. 

0 пікір
Мұрағат