|
Армения соғысқа дайындалуда
|
Жуырда Санкт-Петербор қаласында даулы, таулы Қарабах мәселесі бойынша өткен Әзірбайжан мен Армения президенттерінің арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталған болатын. Сарапшылар осыған қарап, көрші екі елдің татуласуы әзірге мүмкін еместігін алға тартып отыр. Дәлірегі, Армения жағының аталмыш мәселені бейбіт жолмен емес, қарудың күшімен шешкісі келетіні аңғарылды. Яғни, соғысқа дайындалып жатыр. Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Әзірбайжан жағының Қарабахқа «белгілі бір мәртебе беруге» дайын екенін мәлімдесе де. Яғни, Таулы Қарабақты «кіші Армения мемлекеті» ретінде емес, КСРО кезінде армяндар көптеп шоғырланғандықтан Арменияға өтіп кеткен облысты Әзірбайжанның автономды, яғни, дербес басқарылатын өңірге айналдыру турасындағы ұсынысы аяқсыз қалды. Әзірбайжанның бұл ұсынысы Еуропалық қауіпсіздік кеңесі ұйымының төрағасы Франка-Вальтер Штайнмайердің де осы мәселегі қатысты ұстанымына қайшы емес. Өйткені, Франка-Вальтер Штайнмайердің айтуынша, «аймақтағы кво-статусын ұзақ уақыт сақтау мүмкін емес». Осылайша, бәрібір түбінде бұл статустың арты соғысқа апарып соқтыратынын жеткізген болатын. Енді армяндардың соғысқа дайындалып жатқанын қалай түсіндіруге болады? Арменияның сыртқы істер министрі Эдуард Налбандян «Қарабах мәртебесі талқылау арқылы шешілетін мәселе емес, оны халықтың таңдауы арқылы шешілуі керек» деп шарт қойып отыр. Егер оның бұл талабы жүзеге асатын болса, онда армяндар көптеп шоғырланған Әзірбайжан жері Армения құрамына өтіп кетеді. Арменияның қорғаныс министрі Сейран Оганян таяу уақытта Ресей Федерациясының арменияға қару-жарақ пен соғыс техникаларын сатып алуға қаржы бөлетінін мәлімдеді. Бұған қоса, Ресей мен Армения бірыңғай Зымырандарға қарсы қорғаныс құруға кіріскен болатын.