Армения Әзірбайжанға қанша өтемақы төлеуі тиіс?
|
Ежелден әзірбайжандардың жері Таулы Қарабақ өңірі КСРО ыдыраған кезде армяндардың аталған мекенде көптеп шоғырлануына байланысты қарсы тарапқа өтіп кеткенін білесіздер. Осы аймақ үшін болған қарулы қақтығыстан екі тарапқа да едәуір шығын келгені белгілі. Алайда, жәбір көруші ретінде Әзірбайжан Армениядан шығынын өндіріп алуға құқылы, дәлірегі, халықаралық деңгейде аталған басқыншы елден репарация талап етуге құқылы. Шығын мөлшері, яғни, өтемақы сомасы қалай есептеледі? Оны 2015 жылдың ақпан айында өткен "Осы заманғы Әзірбайжан дамуының өзгеше үлгісі және армян агрессиясына берген халықаралық бағалаудың нақты шындығы" атты жиында сөз болған деректер мен мәліметтердің негізінде есептеп шығаруға болады. Нақтырақ айтқанда, отанын қорғап жүріп, шейіт кеткендердің отбасына төленетін бір жолғы төлемдерді, қарулы қақтығыс кезінде мүгедек болып қалғандарға өмір бойғы төлемдерді қоса есептелуі тиіс. Сөз орайы келгенде айта кету керек, шейіт кеткендерден 13700 отбасы бар, ал кемтар болып қалғандар қарасы 11 мыңнан асады. Бұған қоса, Әзірбайжанның мәдени және тарихи ескерткіштеріне келген зақымдар 177 млрд долларды құрайды. Ал бейбіт тұрғындардың дүние-мүлкіне келген шығын 55,4 млрд долларға жеткен. Оның үстіне, Әзірбайжанның табиғи байлықтарына келген шығын 190 млрд доллардан асып кеткен. Мұнда ең алдымен екі елдің Таулы Қарабақ үшін болған қарулы қақтығысынан келген шығынды халықаралық стандартқа сай есептелгені маңызды.