Арманына жеткен мысырлық азамат Марсқа Құран ала кететінін айтты
Арманына жеткен мысырлық азамат Марсқа Құран ала кететінін айтты
9 жыл бұрын 4147

Мұхаммед Саллиам есімді мысырлық азамат Марсқа ұшуды армандаған әрі арманының орындалатынына шәк келтірмеген. Тура ойлағанындай болды: ол Қызыл планетаға ұшатындар тізіміне енді. Бала кезінен бастап, ғаламшарлар мен астрономияға қызығушылығы оянған ол Марсқа өзімен бірге қасиетті Құран мен Мысырдың байрағын және пианиноны ала кетпекші. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Голландиялық Mars One компаниясы 2025 жылы Марсқа қонатын 50 ер адам мен 50 әйелдің тізімін жасады. Осы уақытқа дейін бұл тізімге енгендер талап бойынша сымбатын жоғалтпай, денсаулығын сақтап, ұшуға дайын болуы керек. «Менің әке-шешем қайтыс болып кеткен, мен кіші бауырыммен тұрамын. Осыларды ескерсек, менің қимай тастап кететінім, жоғалтатыным жоқ десе де болады», - деді ол іштей ұшуға әзір екенін білдіріп.

0 пікір
Мұрағат