Әрбір үшінші қария жалғыз өмір сүріп жатыр
Әрбір үшінші қария жалғыз өмір сүріп жатыр
5 жыл бұрын 3673 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяда жасы 65-тен асқан қарттардың әрбір үшіншісі эалғыз ғұмыр кешуде. Бұл жайында кәрістердің Yonhap News ақпарат көзі таңғы шық елінің статистикалық қызметі келтірген мәліметке сілтеме жасай отырып хабар таратты. Таяуда жарияланған дерек бойынша биыл жасы 65-тен асқан бұл елдегі қарттар қарасы 7,68 млн адамға жеткен. Яғни, жалпы халық санына шаққанда 14,9%-ды құрап отыр. 2050 жылға қарай аталмыш жасы 65-тен асқан елдегі қариялар қарасы жалпы халық санына шаққанда 39,8%-ға жетіп, 2060 жылы бұл көрсеткіш 43,9%-ды құрайтын болады. Биылдың өзінде жасы егде тартқан отбасылар саны 4,38 млн-ға жеткен, яғни, жалпы халық санына шаққанда 21,8%-ды құрап отыр. 2045 жылға қарай бұл көрсеткіш 47,9%-ға дейін ұлғаятын болады. Қариялардан ғана тұратын отбасылардың 34,2%-ын жалғызілік ғұмыр кешкендер құрап отыр, 33,2%-ы – ерлі-зайыптылар, 5,5% отбасы – балалар қартайған не әкесімен, не шешесімен тұратындар. 2019 жылы кәріс қарттарының 57,1%-ы әйелдер де ерлер - 42,9%.

0 пікір
Мұрағат