Аралардың азаюынан балдың бағасы қымбаттай бастады
Аралардың азаюынан балдың бағасы қымбаттай бастады
2 ай бұрын 889 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Akbar Nemati / Unsplash

Ресей Федерациясының негізгі бал өндіретін аймақтарында аралардың жаппай қырылуынан адамзатқа аса пайдалы ттабиғи өнімнің бағасы 30-50 пайызға қымбаттап кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Telegram әлеуметтік желісінің Shot арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Татарстан омарташылары жетекшісінің айтуынша, бұл саладағы олқылық егістік алқаптарын тозаңдандыру кезінде агрохимиялық дәрілерді қолданудан туындаған: кері әсері аралар популяциясына да тиген. Жәндіктердің жойылуына байланысты бал тапшы болып, баға күрт көтеріле бастады. «Татарстанда өткен жылы табиғи линден балы үш литрі 2 мың рублге жетсе, биыл аралардың жойылуына байланысты 4 мыңнан сатылуда», - деп түсіндірді ол. Мұндай қиындықпен тек Татарстан омарташылары мен тұтынушылары ғана емес, сонымен қатар, Башқұртстан, Алтай өңірлерінің ара өндірушілері де бетпе-бет келіп отыр. Осыны ескерген РФ ара бағы өнеркәсібі одағы егістік алқаптарында улы зимикаттарды қолдануға қатысты ережені қатайтуға уәде беріп отыр. Жаһандық жылынудың үдеуіне байланысты аралардың ғұмыры екі есе қысқарған, ал жәндіктердің көлемі айтарлықтай кішірейген. Егер өткен ғасырдың екінші жартысында тәжірибелік жәндіктер орта есеппен 34,3 күн өмір сүрсе, соңғы он жылда бұл көрсеткіш екі есеге, яғни, 17,7 күнге дейін төмендеген. Ресейде де аралар саны ғасыр басынан бері ұдайы кеміп келеді. Егер 1990 жылы РФ аумағында жалпы саны 4,5 миллион бал арасы болса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 3,7 миллионға, ал 2016 жылы 3 миллионнан сәл астамға дейін төмендеген. Ұлттық зерттеу университетінің экономика жоғары мектебінің мәліметінше, 2008-2018 жылдары елдегі бал жәндіктерінің саны 40 пайызға азайған.

0 пікір
Мұрағат