Арабтар құрмаға байкот жариялады
Арабтар құрмаға байкот жариялады
3 жыл бұрын 2462 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жан әдетте құрмамен ауыз ашады. Осынау ұлық ай қарсаңында мароккалықтар Алжирлік құрмаға байкот жариялап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The New Arab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мароккалықтардың мұндай қадамға баруына Алжирдегі құрманың аталған ел аумағында, дәлірегі, француздар отары болып тұрған кезде ядролық қару сыналған Сахара маңында өсірілетіндігі себеп болып отыр. Радиация сәулесіне ұшырау қаупі жоғары болғандығы үшін бас тартып отыр алжирлік құрмадан. Құрма жемісінің 1000-нан аса сорты өсірілетін алжирлік құрма қасиетті Рамазан айында үлкен сұранысқа ие болып жатады. Алжирлік құрма ағаштарының көбісі 1960 жылы француз әскерилері Blue Jerboa деп аталатын плутоний бомбасын жарған, яғни, сынақтан өткізген Регган оңтүстік-батыс аймағына таяу өсіріледі. Blue Jerboa бомбасы 1945 жылы Жапонияның Нагасаки қаласына тасталған, 1,6 шақырымын жермен-жексен жайпап кеткен бомбадан үш есе қуатты. Әлі күнге дейін аталған аймақта тұратын алжирлік арабтар арасында радиция зардабын тартушылар қарасы көп. Әдетте алжирлік құрма Ресейде, Еуропада және Мароккада танымал. Былтыр әлеуметтік желіде алжирлік құрманың қаупі туралы жазба интернет пайдаланушылары шулатқан болатын. Марокка халқы да алжирліктер секілді араб текті халық. 

0 пікір
Мұрағат