|
Арабтар "НАТО"-сы құрылу мүмкін
|
Естеріңізде болса, осыдан бірталай уақыт бұрын Солтүстік атлант әскери альянсына ұқсас арабтардың өз әскери одағы құрылуы турасында хабардар еткенбіз. Алайда, араб елдері арасындағы алауыздық пен бәсекелестік және басқа да саяси факторларға байланысты бұл одақтың құрылмауы мүмкін екенін де айтып өткен едік. Бұл тақырып күн тәртібіне тағы көтерілді. Бұл жолы арабтардың НАТО құрылымына ұқсас одақты құруға АҚШ мүдделілік танытып отыр. Бұған қоса, АҚШ бұл одақтың құрылуына өзі тікелей атсалыспақ. Израилге қауіп төндірген Иранға қарсы тұру үшін. Дәлірегі, аталған аймақтағы қауіпсіздікті желеу еткен мұндай одақ Парсы шығанағының алты елі және Мысыр мен Иордания арасында құрылуы мүмкін.Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. АҚШ билігі осылайша Таяу Шығыс елдерінің қорғаныс, әскери жаттығу, террористерге қарсы операция, сондай-ақ, экономика және дипломатия салалары бойынша тығыз қтынас орнатқанын қалайды. Осы жылдың қараша айының 12-13-і күндері Вашингтон қаласында өтуі тиіс саммитте Таяу Шығыс стратегиялық альянсын құру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бұл бағытта Ақ үй сарапшылары аймақтағы билік өкілдерімен аталған альянстың жобасы мен концепциясын жатпай-тұрмай әзірлеуге кіріскен. Сарапшылардың пайымдауынша, сүнниттік мемлекеттер соғыс жүріп жатқан Шам жеріндегі және Йемендегі дағдарысқа қатысты мүддесі бір арнадан табылып отыр. Олар әлемдік мұнай қорының едәуір бөлігі тасымалданатын Парсы шығанағындағы кеме қатынайтын дәлізді бірігіп қорғай алады. Алайда, аталған аймақ бойынша аса ірі америкалық әскери базалар орналасқан Саудияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Катардың арасындағы өзара бәсекелестік бұл бастаманың құрылуына кедергі болуда. Ал бұл бастамаға Иран билігі не дейді? "Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету желеуімен құрылуы мүмкін әскери альянс аймақтағы ахуалды одан сайын асқындырады",- деп мәлімдеді. Иран билігі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
■
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)