Арабтар да ғарышқа қол созады
|
Біріккен Араб Әмірлігі өздері жасайтын алғашқы жасанды жер серігін 2018 жылдың жаз мезгілінде ғарышқы ұшыруға бел байлап отыр. Осылайша, көштен қалмай ғарышты игеруді бастайды. "Келесі жылы БАӘ бастан-аяқ осы елдің инженерлері құрастыратын Khalifa-Sat фото-суреті үшін жер серігін ұшырады" деп мәлімдеді аталған елдің ғарыш агенттігінің бас директоры Мұхаммед Насыр әл-Аһбаби. Ол ғарышты игеру мақсатында алдымен БАӘ инженерлерін 5 жылға Оңтүстік Кореяға білім алуға жіберген. Алғашқы жасанды жер серігі Оңтүстік Кореяда құрастырылған екен, ал екіншісі - DubaiSat - жартысы БАӘ-де құрастырылған. БАӘ ғарыш агенттігі жетекшісінің айтуынша, тағы бір байланысқа арналған Yahsat жер серігі келесі жылдың жаз мезгілінде ұшырылады. Бұдан бөлек, алдағы үш жылдың ішінде алты жер серігі құрастырылады.