Арабша жазуға тыйым салынды
Арабша жазуға тыйым салынды
7 жыл бұрын 4834 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың солтүстік-батысында орын тепкен  Нинся-Хуэй автономды ауданында шариғат талаптарына сай дайындалған өнімдердің жапсырмасына араб тілінде жазуға тыйым салды. Бұл жайында Global Times ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, қытай билігі мұндай шараны жергілікті халыққа түсініксіз деген желеумен ислам ықпалын кеміту мақсатында қолға алып отыр. Учжун және Иньчуань қалалық елді-мекендерінің тұрғындары тек халал өніидерде ғана емес, сонымен қатар, дүкендер мен мейрамханалар маңдайшасындағы арабша жазуларға да тыйым салып отырғанын жеткізді. Барлық жазу тек иероглифпен берілуі керек. Талап сондай. Ол ол ма, арабтардың сәулет өнерін еске түсіретін ғимараттарды да қытай сәулетімен алмастыру үшін реконструкциялық жұмыстар жүргізілуде. Ислам дініне мұнша секемшілдікпен қарау, діни атрибуттарға қарсы шектен шығатын шаралар қолдану соңғы уақытта қытай билігінің басты шаруасына айналғандай. Өткен жылдың шілде айында Қытайдағы әйгілі Meituan қосымшасы арқылы тапсырыс беру және жеткізу ісі қытай қоғамын кәдімгідей дүрбелеңге салған болатын. Қытайлар халал емес өнімдерді тұтынушыларды кемсітуге жол берді деп айыптап, болмайтын жерден шу шығарған еді. Қара халық бұған назар аудармас па еді, егер қытай билігі қолтығына су бүркіп, жоқ жерден құбыжық етіп көрсетіп отырмағанда.

0 пікір
Мұрағат