Арабияда түрік мектептері қайта ашылатын болды
Арабияда түрік мектептері қайта ашылатын болды
2 жыл бұрын 1658 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі Саудия аумағындағы түрік мектептерінің екі ел арасындағы қатынастың жақсаруына байланысты қайта ашылатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудиядағы түрік мектептері 2020-2021 оқу жылында жабылып қалған болатын. Алдңғы қатарлы екі мұсылман елдері арасындағы қатынас аймақтық мәселелер бойынша нашарлап кеткен еді. Бұдан бөлек, Стамбұлдағы Саудия елшілігінде ооппозициялық тілші Жамал Қашықшының қастандықпен өлтірілуі де екі елдің арасына сына қаққан факторға айналған еді. Түркияның Білім министрлігі бұл мәселе бойынша мәлімдеме жасап, өз бақылауындағы мектептерді қайта ашу туралы шешімді екі елдің білім министрлерінің маусым айында Париж қаласында өткен білім беру саммиті аясындағы кездесу барысында болған талқылаулардан кейін қабылданғанын жеткізді. Өткен жылдың наурыз айында Саудияның білім беру министрлігі ел аумағында 26 түрік мектебі барын әрі олардың сегізі жабылғанын жария еткен болатын.

0 пікір
Мұрағат