Араб түбегінде әлемде теңдесі жоқ сутегі зауыты салынады (видео)
|
Air Products & Chemicals және ACWA Power компаниялары Саудия аумағында жақын болашақта бой көтеретін Neom мегаполисінің басшыларымен келісімшартқа отырды. Әлемде аса ірі экологиялық жағынан таза әрі тек күн және жел энергиясымен ғана жұмыс істейтін сутегі зауытының құрлысы үшін. Аталмыш жоба араб түбегіндегі мұнай шикізатына тәуелділікті кемітетін жобалардың бірегейі болады. Аталмыш жоба саудиялықтар үшін жаңғыртпалы энергия көздері бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларымен бірігіп жүзеге асырылатын алғашқы жобаға айналмақ. Қуаты 4 Гв-ты құрауы тиіс сутегі зауыты тәулігіне 650 тонна сутегін өндіретін болады. Алдын ала жүргізілген есеп бойынша бұл мөлшер шамамен 20 мың автобустың жұмысын қамтамасыз етуге жетеді. Зауыттың құрылысы 2025 жылы басталады.