Араб тілі мектептегі білім беру бағдарламасына енгізілуі мүмкін
Араб тілі мектептегі білім беру бағдарламасына енгізілуі мүмкін
5 ай бұрын 1835 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федераиясының білім және ғылым саласын қадағалау жөніндегі федералды қызмет жетекшісі Анзор Музаев РФ білім беру министрлігімен бірігіп, РФ мектептегі білім беру бағдарламасына араб тілін енгізу мәселесін қарастыратынын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта араб тіліне сұранысты анықтауға көмектесетін мониторинг жүргізіле бастаған. Нақты қай аймақ пен мектептердің араб тіліне қызығушылығы бары анықталмақ. Анзор Музаев Біріккен Араб Әмірліктерінің білім беру министрлігінің бұл бағытта көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, Ресйдің мұсылмандар діни басқармасынан араб тілін мемлекеттік оқу бағдарламасына енгізу туралы өтініш түскенін де жеткізді. Қазіргі уақытта Татарстан мен Шешенстанның бірнеше жоғарғы оқу орнында араб тілінің мамандарын дайындау курстары жүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат