|
Араб шөлінде оазис қала салынады (фото)
|
Zaha Hadid Architects (ZHA) сәулет бюросы Шаржда (Біріккен Араб Әмірлігі) жаңа қала жобасына тапсырыс алды. Болашақта Халид бен Сұлтан қаласы шөл даланың жарқын саясына (оазис) айналмақ. Бұл жайында islam.kz порталы zaha-hadid.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Келешек қаланың жүрегі – екі шақырымға созылатын саябақ-оазис болмақ. Оны қоғамдық көлік қатынайтын жеті аудан қоршайды. Бұл аудандар тұрғын үйлерді, сауда-саттық алаңдарын, мешіт пен түрлі ғимараттарды, емхананы, т.б. қамтитын болады. Қала энергияны жаңғыртпалы энергия көздерінен алады. Негізінде жаяу жүргіншілердің серуендеуіне қолайлы қала болмақ.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)