|
Араб шөлі көлге айналды (видео)
|
Әлеуметтік желі қолданушылары Парсы шығанағындағы шөл далада ұзақ жауған қалың нөсерден кейін пайда болған айрықша көрініске таң-тамаша қалып, таңқалып жатыр. Дәлірегі, мұндай көл Оман мен Саудия аумағында пайда болған. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құлан жортпас құла түз жауын суынан шалқар айдынға айналған. Судың мөлдірлігі де қайран қалдырады. Жергілікті жұрт бұл жауын суы ауыл шаруашылығын жандандырып, елдің еңсесін көтеретінін алға тартып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
■
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)
■
Бүгінде Еуропадағы ең жас халық анықталды