|
Араб пен еврей бірге тамақтанса, жеңілдік жасалады
|
Израиль мемлекетінің Кфар-Виткин деп аталатын ауылында келушілерге ерекше жеңілдік жасалатын дәмхана пайда болды. Тек бір шарты – араб және еврей ұлтының өкілдері бір дастархан басында тамақтануы тиіс.
Hummus Bar деп аталатын дәмхана қожайыны Коби Зафрирдың айтуынша, оның бұл бастамасын ауыл тұрғындарын қызу қолдап әкеткен. Қос ұлттың өкілі жеңілдік үшін бір дастарханға отырып, әңгімелесе отырып тамақтанғандары, әрине, оң нәтиже берері анық.
Ол осыдан 10 жыл бұрын тұтанған палестина-израиль қатынасын тұрақтандыру үшін осы жобаны ойлап таптым дейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады