|
Араб елінің визалық реформасы туристерге жайлы тимеуі мүмкін
|
Кувейттің ішкі істер министрлігі көші-қон саласында аса ауқымды реформа жүргізетінін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтылай түссек, бұл арада визалық алымның өсетіні, тұрғылықты мекен-жай санатының жаңартылатыны, отбаасындағы асыраудағы адамдар мен үй қызметкерлеріне ереже талаптарының қатаңдатылатыны турасында сөз болып отыр. Жаңа ереже биылдан қалай, дәлірегі, желтоқсан айының аяқ жағында – 23-де қолданысқа енеді. Аталмыш министрліктің мәліметінше, визалық алымдар іс жүзінде барлық санаттарда қайта қаралды. Бұл ретте рұқсаты бар шетелдік отбасының ел аумағында тұруы үшін 800 кувейт динары мөлшерінде ең төменгі айлық жалақы талап етіледі. Бұдан бөлек, ерлі-зайыптылар мен балалардан басқа асырауындағыларға демеушілік жасау қаражаьты жылына 300 кувейт динарынан кем болмауы тиіс. Мұндай шаралар үкіметтің иммиграциялық рәсімдерді оңтайландыру және ел кірісін ұлғайту жөніндегі күш-жігерін көрсетеді. Бұл тараптағы реформа елге келу визаларының ақысын төлеу, виза мерзімін ұзарту процедураларын, аударымдар мен ұзақ уақытқа тұру үшiн алынатын ақы төлемін бiр ізге түсіруді және оңайландыруды ұйғарады. Сондай-ақ, айыппұлдардың жаңартылған жүйесі енгізілді: елде болу мерзімін асыра пайдаланғаны үшін айыппұлдар енді күн сайын есептеледі және визаның түріне байланысты шектеледі. Елде тұруға арналған рұқсат алудың ақысы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Мемлекеттік және жеке секторларда жұмыс істеуге қатысты рұқсат ақысы енді жылына 20 кувейт динары, инвестор резиденттер - 50 кувейт динары, ал жылжымайтын мүлік иелері үшін - 500 кувейт динары тұрады. Кувейттік отбасылар демеушілік ететін үй қызметкерлері жыл сайын 10 кувейт динарасын төлейтін болады, ал өз бетінше төлейтін шетелдіктер жылына 20 кувейт динарасын санап беруі тиіс. Асырауындағылардың жарналары демеушілер санатына байланысты өзгереді: мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері асырауындағылар үшін 20 KD-ден, инвесторлар мен діни қызметкерлер - KD40, ал жылжымайтын мүлік иелері - 100 KD-ден төлейді. Мұндай ақыны кімдер төлемдейді немесе төмендетілген алымдар кувейттік аналар мен азаматтардың жұбайларының балаларын қоса алғанда, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолданылады.