Араб елінің шетелдегі инвестициясы 2,5 трлн долларға жетті
|
Біріккен араб әмірлігінің халықаралық инвесторлар кеңесінің (UAEIIC) бас хатшысы Жамал бин Сайып әл Жарбанның дерегінше, БАӘ-нің шетелдегі жобаларға салған мемлекеттік және жекеменшік секторының инвестициясы биыл 2,5 триллион долларға жетіп, ұлттық экономиканың дамуына елеулі үлес қосқан. Бұл жайында islam.kz порталы BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ тікелей шетелдік инвестиция бойынша аймақта және халықаралық деңгейде ірі ойыншыға айналып келеді, осылайша халыұаралық экономикалық ынтымақтасты жандандырып, жылдан жылға бұл тараптағы позициясын нығайтуда. Осылай деген Жамал бин Сайып әл Жарбан БАӘ-нің Ras Al Hekma жобасын жүзеге асыру мақсатында Мысырмен арадағы инвестициялық (35 млрд доллар) мәмілесіне тоқталды. Өйткені, аталған араб елінің соңғы ең ірі шетелдегі инвестициясы осы Мысырмен байланысты. Жалпы БАӘ Мысыр экономикасына 65 млрд доллар инвестиция құйған екен. Осы орайда БАӘ әлемнің 90 еліне (Үндістан, Индонезия, Мысыр, Марокко, Түркия, оңтүстік-шығыс Азия елдері, Орта Азия өңірі, т.б.) инвестиция салған мемлекет екенін айта кетпекпіз.