|
Араб елінің билігі ел тұрғындарына сукукқа инвестиция құюға рұқсат етті
|
Біріккен Араб Әмірлігінің қаржы министрлігі Retail Sukuk баастамасын көтеріп, ел тұрғындары мен резиденттерге шариғат талаптарына сай инвестиция құйып, мемлекеттік қазына облигациясына (сукук) қолдау білдіруге шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ArabianBusiness ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша осы ел тарихында алғаш рет жеке инвесторларға цифрлы платформа арқылы ислам қаржы құралына тікелей қаржы құюға мүмкіндік пайда болды. Инвестициялауда пайдаланылатын цифрлы платформаны банктер басқаратын болады. Инвестицияның ең төменгі шекті мөлшері – 4000 дирхам (1089 доллар). Бұл жоба тұрақты даму мақсатына сай келеді. Ұзақ мерзімге ақша жинау дағдысын қалыптастырады. Сукук дирхамдармен номинацияланады, яғни, белгіленеді және нарықтағы айналымда жүрген мемлекеттік облигациялармен (T Sukuk) байланысты болады, осылайша жекелеген инвесторларға институциялық ойыншылар сияқты жоғары сапалы егеменді активтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша ел тұрғындары өз қаржысын әртараптандыра отырып, капиталын молайтудың тағы бір тетігіне ие болмақ.