Араб елінің азаматтығы туралы заңға түзету енгізілді
Араб елінің азаматтығы туралы заңға түзету енгізілді
2 жыл бұрын 1888 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудияның азаматтығын алу ережесі өзгертілді. Бұл өзгеріс биыл осымен екінші рет орын алып отыр. Азаматтық беру заңнамасында. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзінің араб тіліндегі нұсқасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Саудия монархының жарлығында саудиялық әйелдердің балалары саудиялық анадан туған бойда Саудия азаматтығын алуға қатысты нақты ештеңе айтылмаған.

Сауд Арабиясының азаматтық жүйесінің 8-бабына түзету енгізілгеннен кейін «Әйел азаматтардың балаларының натурализациясы (Натурализация - шетелдік азаматтардың қандай да бір елдің азаматтығын алуы – ред.)» хэштегі бүгінде аталған араб еліндегі  ең көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды.

Сауд Арабиясының азаматтығының түзетуге дейінгі жүйесінің 8-бабында: «Ішкі істер министрінің шешімі бойынша Сауд Арабиясының азаматтығы Королдікте туған адамға шетелдік әке мен саудиялық анаға келесі шарттарды сақтай отырып берілуі мүмкін:

A) Кәмелет жасына толғанша Сауд Арабиясы аумағында тұрақты тұруы тиіс;

Б) Араб тілінде еркін сөйлей және жаза алуы тиіс;

Өзін-өзі жақсы ұстап, қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталмаған немесе моралдық теріс қылық жасағаны үшін алты айдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылмаған болуы керек. 

0 пікір
Мұрағат