Араб еліндегі ең ірі диаспора аталды
Араб еліндегі ең ірі диаспора аталды
8 сағат бұрын 91 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыстағы амбициясы жоғары елдердің бірінде – Біріккен Араб Әмірлігі аумағындағы үнді диаспорасының саны бүгінде 4 млн-ға тарта адамды құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, аталған араб еліндегі ең ірі диаспора туралы мәліметті Дубайдағы және солтүстіктегі Сатыш әмірлігіндегі Үндістанның бас елшілігі Құмар Сиуан жария етті. Үнді елшісінің сөзіне қарағанда, Дубай қаласының осындай асқақ мәртебеге жетуіне үнділердің үлесі зор көрінеді. Дәлірегі, үнді байларының арқасында Дубай әлемдік қаржы орталығына айналып келеді. 2012 жылы БАӘ аумағында 2,2 млн үнді диаспорасы болса, бүгінгі таңда бұл тараптағы көрсеткіш 3,9 млн-ды құрап, 4 млн адамға жуықтаған. БАӘ-дегі үнді экспаттары денсаулық сақтау саласына, жылжымайтын мүлікке, бөлшек саудаға және экономиканың өзге секторларына қаржыны молынан құйып отыр. Сондай-ақ, үнді елшісі БАӘ билігіне үнді азаматтарына наным-сеніміне қарай құлшылық етуіне жағдай жасап келе жатқанын мәлімдеді. БАӘ-дегі диаспоралар арасында үнділерден кейін орында мысырлықтар қарасы көп – шамамен жүз мың. Ал үшінші орынға пәкістандықтар – 900 мыңнан асады. Осы орайда өткен жылғы дерек бойынша БАӘ-дегі қара жұмысшылардың денін шетелдіктер құрайтынын айта кетпекпіз - 90%. Содан кейінгі орында Катар тұр – 82%; үшінші орынға Кувейт жайғасқан – 80%. Төртінші орынға Оман табан тіреген - 64%; бесінші орынға Бахрейн иек артқан – 62%, содан кейінгі орыннан Саудия көрінген - 56%. Десе де халқының саны  жарым миллионнан асатын БАӘ тұрғындарының көбісі . Үнді диаспорасы араб елдері арасында БАӘ-ден Катарда көп – 650 мыңдай. Кувейт халқының 74%-ын Үндістаннан, Мысырдан, Пәкістаннан және Бангладештен келген мигранттардан тұрады. Диаспора мен шетелдік мигранттар рейтингісінде араб елдері күллі әлем бойынша көш бастап тұр. Тек араб әлемінде, мұсылман елдерінде ғана емес, дүниежүзін бойынша аталған араб елдері алда келеді.

0 пікір
Мұрағат