Араб елінде заңсыз ақша аударғандарға жаза күшейтілді
|
Біріккен Араб Әмірлігінің прокуратурасы ел тұрғындары мен шетелдік меймандарды есірткі айналымымен байланысты қылмыстар үшін ақшаны заңсыз аударудан сақтандырды. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ескертуге құлақ аспағандарға кем дегенде 50 мың дирхамға (арабтардың ұлттық валютасы – ред.) дейін айыппұл салынады. Бұдан бөлек, айыпталушы түрмеге қамалады. Дәлірегі, ақшаны заңсыз аударуға үшінші тұлға арқылы жолдау да, ақшаны заңсыз затты сақтау әрі пайдалану мақсатында алу да жатады. Мұндай әрекет қылмыстық іс санатына жатқызылатындықтан айыппұлдан бөлек айыпталушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Соның ішінде есірткіні және психотроптық заттарды тұтынуға шақырғандар да жауапкершілікке тартылады.