Араб елінде түсік жасатуға қатысты заң талаптары жұмсартылды
Араб елінде түсік жасатуға қатысты заң талаптары жұмсартылды
10 ай бұрын 800 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің қолданыстағы заңына енгізілген түзету ананың өміріне үлкен қауіп төнген жағдайда медициналық мамандарға түсік жасату процедурасын едәуір жеңілдетеді. Бұл бағыттағы заңға сәйкес дереу хирургиялық араласуды, яғни, хирургиялық жолмен баланы құрсақтан алу отасын қажет ететін төтенше жағдайларда күйеуінің келісімі бұдан былай талап етілмейді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, жүктілік әйел денсаулығына қауіп төндірсе, бойға бала біткен сәттен бастап 120 күн толғаннан кейін түсік жасатуға салынған тыйымның да күші жойылады. Ал медицина қызметкерлеріне түсік жасату процедурасын тек екі жағдайда ғана орындауға рұқсат етіледі: - аяғы ауыр әйелдің денсаулығына қатер төнсе; - құрсақтағы шарананың бойында өмір сүруге зиянын тигізетін қандай да бір ақау немесе ауытқу анықталғанда.

0 пікір
Мұрағат