Араб елінде шетелдіктерге арналған зейнетақы қоры құрылады
Араб елінде шетелдіктерге арналған зейнетақы қоры құрылады
3 жыл бұрын 1362 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің премьер-министрі, вице-президенті, Дубай әміршісі, ұлы мәртебелі шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм 2022 жылғы жергілікті әскери зейтақы және әлеуметтік қамсыздандыру қоры туралы № (7) заңға қолын қойды. Бұл жайында islam.kz порталы ussianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құжат салымшылардың, зейнеткерлердің және бенефициарлардың барлық құқығы мен сақтандыру қажеттіліктерінің сақталуын ұйғаратын әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз еу қорын құру үшін қабылданып отыр. Аталмыш елдің қаржы департаментінің бас директоры лауазымындағы тұлға қордың әкімшілік, техникалық және қаржылық істеріне жауапты болады. Дубайдың атқарушы кеңесінің жетекшісі қордың атқарушы директорын тағайындайды. Бұдан бөлек, Дубай билігінің аталған ел аумағындағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар үшін зейнетақы қорын құратынын айта кету керек. Бұл жаңа құрылым шетелдік азаматтарға мансап жолын аяқтаған соң тұрақты төлем алуына мүмкіндік бермек. Бұл жоба шариғат жоспарына негізделген жоспарларды қоса алғанда, кірістері мен тәуекелдері әртүрлі бірнеше инвестициялық опцияларды қамтитын болады. Барлық қызметкерлер қорға тіркеледі, содан кейін олар өздеріне ұнайтын инвестициялық портфельді таңдай алады. Осылайша, қызметкерлер инвестициялаудың бір немесе бірнеше әдісін таңдай алады. Жұмыс берушіден бөлек, қызметкерлер де қордағы шотын толтыра алады. Бұл тарапта Дубай халықаралық қаржы орталығының қадағалауымен Қамқоршылық кеңесі мен халықаралық инвестициялық институттар бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ететін озық әлемдік тәжірибені қолданатын болады. Табыстың мөлшері қызметкер салған сомаға, сондай-ақ, таңдалған инвестициялық портфельге байланысты болады. Қызметкерлердің жобаға қатысуы олардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аяқталады. Олар жинақталған соманы толығымен бірден ала алады немесе инвестициялауды жалғастыра алады. 

0 пікір
Мұрағат