Араб елінде қыздар жігітпен кездескені туралы деректерді жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде әлеуметтік желіде құрылғын, қыздар өздерінің таныстары туралы ақпаратты жариялайтын, соның ішінде танысқан ер адамдардың жеке мәліметтерін жария ететін топтардың қоғамға зияны талқылануда. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай топтардың мақсаты кездесуге келген адамдардан бейтаныс ер адамдар туралы мүмкіндігінше көп мәліметтерді білуге саяды. Құқық сарапшылары мұндай жазбалардың жергілікті заңнамаға қайшы келетінін және мұндай жазбалар үшін жазаға тартылуы мүмкін екенін ескертеді. Мәселен, «Are We Dating the Same Guy in Dubai» («Біз Дубайды бір жігітпен кездесудеміз») тобының 5000-нан аса жазылушысы бар. Осындай топтағы қыздардың кесірінен өмірінде көрмеген немесе ешқашан бетпе-бет кездеспеген әйелдер тарапынан келемеж мен кекке толы жазбалардан жаны жапа шегіп, абыройына нұқсан келтіруде, ол ол ма, мұндай топтар мансабына да кесірін тигізуі мүмкін. Кейбіреулер өз ар-намысын қорғау үшін сотқа жүгінуге дайын. Заңгерлер қоғамдық кеңістікте фотосуреттер мен жеке деректерді жариялау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді, өйткені, мұндай сорақы әрекеттерге жол бергендер БАӘ-нің 2021 жылғы қауесеттер мен киберқылмыспен күрес туралы № 34 федералдық заңының және № 31 федералдық заңның (2021-ші жылы қабылданған қылмыстық кодексі) бірнеше баптары бойынша айыпталады. Жазаның ауырлығы жазбаның мазмұнына байланысты белгіленеді, әрбір іс жеке қаралады; № 34 қауесеттер мен киберқылмыстармен күресу туралы федералдық қаулыда қыздардың айыптауға толы жазбасы шындыққа сәйкес келсе де қорлау бабы бойынша 500 мың дирхамға дейін айыппұл салу және/немесе кемінде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады