Араб елінде «қорқынышты» видеолар жариялағандар қатаң жазаланады
Араб елінде «қорқынышты» видеолар жариялағандар қатаң жазаланады
2 жыл бұрын 1666 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубай әмірлгінің билігі әлеуметтік желіге өнегесіз видео жүктегендерге қандай жауапкершілік қарастырылғанын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Араб Әмірлігінің заңнамасындағы талаптарға сәйкес  интернет кеңістігінде өнегесіз контент жүктегендерге 27 225 доллар мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады. Киберқылмыс туралы заң талаптары бойынша ел тұрғындарына немесе сол елде уақытша жүрген шетелдік азаматтарға әлеуметтік желіге кез келген қылмыс түрінен немесе қоғамның зәресін ұшыратын, дүрбелеңге салатын қандай да бір материал жариялуға тыйым салған. Аталған араб елінің билігі мұндай қадамға таяуда Дубай қаласындағы бірнеше ер адамның төбелесі бейнеленген видеоның жариялануы түрткі болған еді.

0 пікір
Мұрағат