Араб елінде өзгенің құпиясын жариялағандарға қандай жаза қолданылатыны айтылды
Араб елінде өзгенің құпиясын жариялағандарға қандай жаза қолданылатыны айтылды
5 ай бұрын 701 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде өзгелердің құпиясын жариялаған адамға 150 мың дирхам айыппұл салынады, яғни, мұндай жат әдет жазасы бар қылмыс ретінде жіктеледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Әбу-Даби сот департаментіне жөн сілтеген Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өздеріңіз білетіндей, қауесеттер мен киберқылмыстарға қарсы заңдар (атап айтқанда, 2021 жылғы № 34 федералдық заңның 44-бабы) адамдардың жеке өмірін қорғауға бағытталған. Осылайша, аталған араб елінің заңнамасы  адамдардың жеке кеңістігі мен өміріне қол сұғылмауына кепілдік береді және олардың келісімінсіз суретке түсіруге, сондай-ақ, олардың телефон және басқа да жолмен алынған ақпаратты таратуға қатаң тыйым салады. Мынадай әрекеттер заң бұзушылыққа жатқызылады (мұндай әрекеттерге барғандарға 150 000 дирхамнан 500 000 дирхамға дейін айыппұл салынады және кем дегенде алты айға дейін бас бостандығынан айырады):

Материал шынайы болса да адамның келісімінсіз оның өзіне қатысты ақпаратты, суреттерді, түсініктемелерді немесе жеке ақпаратты тарату;

Қандай да бір тұлғаға қатысты сөздерді, аудиовизуалды материалдарды таспаға тартып алу, тарату немесе жария ету;

Жарақат алған, қаза тапқан немесе апат құрбандарын суретке түсіру және келісімсіз фотосуреттерді жариялау;

GPS көмегімен адамның орналасқан жерін бақылау.

Егер дауыстық жазба немесе фотосурет адамға жала жабу немесе оның абыройына нұқсан келтіру мақсатында өңделсе, бұл тараптағы жаза - кем дегенде бір жылға бас бостандығынан айыру және/немесе 250 000 дан 500 000 дирхамға дейін айыппұл салынады. Осы орайда БАӘ прокуратурасының интернетте қуаесет таратып, өзгеге жала жапқандарға 250 мыңнан 500 мың дирхамға дейін айыппұл салынатынын ескерткенін айта кетпекпіз. Мемлекеттік қызметшілерге жала жабушылар мен балағаттаушыларға жаза күшейтілуі мүмкін. Мұндай жат әдеттерге қандай жауапкершілік қарастырылғанын: федералды жарлықтың 43-бабында - электронды қылмыстар мен қауесеттерге қарсы күрес туралы 2021 жылғы № 34 заңынан табуға болады.

0 пікір
Мұрағат