Араб елінде мұсылман еместердің неке қидырудың заңдық процедурасы айтылды
Араб елінде мұсылман еместердің неке қидырудың заңдық процедурасы айтылды
1 жыл бұрын 1063 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен араб әмірліктері аумағындағы неке қидырғысы келетін мұсылман емес тұлғалар тұлға мәртебесі туралы заңды басшылыққа алуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Дубайдың кез келген мұсылман емес тұрғыны некеге тұру үшін жеке тұлғалардың азаматтық мәртебесі туралы 2022 жылғы № 41 Федералдық заңның ережелерін сақтауы керек. БАӘ-де жеке тұлғаның мәртебесі жөніндегі сот арқылы некеге тұруды қалайтын мұсылман емес адамдар (қалыңдық пен күйеу жігіт) кем дегенде 21 жаста болуы керек, олардың жасы азаматтығы бар елі берген кез келген ресми құжатпен расталуы тиіс және қалыңдық пен күйеу жігіт тікелей сот алқасының алдында некеге тұруға келісімін беретінін растауы керек. Бұл талаптар БАӘ-нің мұсылман еместерге арналған жеке тұлғаның мәртебесі туралы заңының 5-бабында көрсетілген. Бұдан бөлек, туыстарымен үйленуге заң жүзінде тыйым салынады. Мұсылман еместер Дубайдағы қауымдастықты дамыту басқармасы бекіткен мұсылман емес діни орталықтарда (шіркеулер, үнді пұтханаларында немесе өзге наным-сенімдегілердің ғибадат ғимараттарында) некеге тұра алады. Сонымен қатар, егер қалыңдық пен күйеу Үндістаннан болса, 1969 жылғы Шетелдік неке туралы заңның ережелеріне сәйкес Үндістанның Дубайдағы елшілігінде некеге тұру мүмкіндігі бар. Егер қалыңдық пен күйеу жігіт басқа ұлттан болса, осы елдегі өз елшіліктеріне хабарласуы керек.

0 пікір
Мұрағат