Араб елінде мектеп қабырғасында ислами білім беру міндетті болмақ
Араб елінде мектеп қабырғасында ислами білім беру міндетті болмақ
4 ай бұрын 990 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің білім беру министрлігі 2025/2026 оқу жылында тек мемлекеттік қана емес, сонымен қатар, жекеменшік мектеп қабырғаларында да араб тілі, ислами білім міндетті түрде оқытылатынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шешім ең алдымен ерте жастан тілді меңгеру, діни құндылықтарды сіңіру үшін қабылданған екен. Осылайша балаларды ерте бастан әлеуметтік және мәдени интеграциялау шарасы қолға алынбақ. Аталмыш министрлік жекеменшік мектептерге білім беру бағдарламаларының толық спектрін, соның ішінде араб тілі, ислам білімі және қоғамтану бойынша нақты стандарттар мен оқыту регламентін ұсынады. Жарияланған нұсқаулықта қарастырылған талаптарға сәйкес күн сайын барлық бала бақша тәрбиеленушілеріне аптасына 200 минуттан (күніне шамамен 40 минут) араб тілі оқытылады. 2027-2028 оқу жылына қарай бұл уақыт аптасына 300 минутқа дейін (күніне 60 минут) ұзартылады. Сондай-ақ, бағдарламаға отбасы, БАӘ географиясы, жергілікті қоршаған орта және негізгі әлеуметтік қағидаттар сияқты тақырыптар енгізілетін болады. Бұл тұжырымдамалар жеңілдетілген түрде, ойын түрінде, күнделікті сабақ кестесі аясында оқытылады. Ислам білім беру сабақтары барлық мұсылман оқушылар үшін аптасына 90 минуттан өткізіледі. Араб тілінде сөйлейтіндер үшін де, сөйлемейтіндер үшін де араб тілін оқытуды мақұлданған оқу материалдарын пайдалана отырып, білікті педагогтер жүзеге асыратын болады

0 пікір
Мұрағат