Араб елінде кәмелет жасына толмағандармен неке қидыру көрсеткіші төмендеп келеді
Араб елінде кәмелет жасына толмағандармен неке қидыру көрсеткіші төмендеп келеді
24 күн бұрын 360 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокконың жоғарғы сот кеңесі (CSPJ) өткен жылы (2024) кәмелет жасына толмағандармен неке қидыруға қатысты өтініштер саны 2023 жылғы дерекпен салыстырғанда 17,02 пайызға азайғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай оырып мәлім етеді. Дегенмен, ескіліктің сарқыншағына айналған мұндай әлеуметтік құбылыс отбасы кодексіне сәйкес заңнамамен шектесе де әлі күнге жойылған емес. Бұл бағыттағы арнайы есепте келтірілген мәліметке қарағанда, өткен жылғы кәмелет жасына толмағандармен некелесуге берілген 16 730 өтініштің 98,5 пайызғы қыздарға қатысты болған. Ал кәмелет жасына толмаған ұлдарға қатысты өтініш – 255. Бес сот округіне - Марракеш, Фес, Кенитра, әл Жәдид және Бәни-Меллал – осындай барлық өтініштің жартысынан астамы тиесілі болды. Мұндай өтініштердің қабылдану деңгейіне келсек, Еррашидияда 81 пайыздан Сеттатта бар болғаны 20,1 пайызға дейін өзгерген. CSPJ мағлұматы бойынша түрлі дертке шалдыққан ауру адамдардың 78 пайызы ауылдық жерлерде тұрады, Ауылдық жерлердегі тұрмыстың төмендігі мен білім беру саласының сын көтермейтін жүйесі кәмелет жасына толмағандармен некелесудің негізгі факторы болып қала береді. Сарапшылар ел билігін қыздардың білім деңгейін арттыруға, жаппай сауат ашуға және ерте некелесудің негізгі себептерін жою үшін кедейлер қарасын қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясат жүргізуге шақырды.

0 пікір
Мұрағат