Араб елінде жазасын өтеп жатқан тұтқындар отбасына көмек көрсетіледі
Араб елінде жазасын өтеп жатқан тұтқындар отбасына көмек көрсетіледі
11 ай бұрын 910 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Соңғы үш жылда Дубайдың түзету әрі жазалау мекемелері түрме қабырғасында жазасын өтеп жатқан тұтқындар мен олардың отбасыларына қаржылай және заттай 26 млн дирхамнан (арабтардың төл ақшасы – ред.) аса көмек көрсеткен екен. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бастама қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр. Дәлірегі, тұтқындарға білім беру, кәсіби машыққа үйрету, медициналық жәрдем көрсету, т.б. арқылы оңалту шараларымен көмек көрсетілсе, олардың жағдайы төмен отбасыларына қаржылай жәрдем берілген. Бұл игі шаралар гуманитарлық ұйымдар мен қайырымдылық қорлары арқылы атқарылған. Бұдан бөлек, жазасын өтеп жатқан тұтқынның отбасында мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның арбасы мен көзілдіріген дейін тегін беріледі. Бұған қоса, ақшалай және медициналық көмек көрсетіледі. Ал тұтқын әйел түрме қабырғасында босанса, баланың керек-жарағы мен қажеттіліктері тегін беріледі.

0 пікір
Мұрағат