Араб елінде жасанды зерде арқасында 97 млн жаңа жұмыс орны ашылады
Араб елінде жасанды зерде арқасында 97 млн жаңа жұмыс орны ашылады
1 ай бұрын 1405 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде технологиясы өмірдің көптеген салаларында кеңінен енгізіле бастауына байланысты, яғни, автоматтандыру процесінен күллі әлем бойынша миллиондаған жұмыс орны қысқарады. Алайда, 2025 жылы АІ технологиясынан бір ғана елдің өзінде – Біріккен Араб Әмірлігінде  жаңа 97 млн джұмыс орны ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Khaleej Times ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Knowledge Summit («Білім саммиті») жиынында БАӘ-ның инвестиция жөніндегі министрліктің департамент жетекшісі Ләтіп әл Шекидің айтуынша, АІ технологиясының еңбек нарығына тигізер екіұшты әсері туралы айта келе қоғамның жасанды зерде әлеуетіне бейімделуінің маңызына тоталды. Осылай деген ол жұмысшы күшінің АІ технологиясына негізделген цифрлы экономикадағы бағытын тиімді анықтау қажеттілігін алға тартты. Соның ішінде АІ-жаттықтырушы, деректер сараптамасы, робот техникасының мамандары, т.б. Елдегі Мұхаммед бен Зайыт атындағы жасанды зерде университеті АІ саласының мамандарын даярлайтын болады.

0 пікір
Мұрағат