Араб елінде ислам сукуктарына сұраныс ұсыныстан 5,7 есе асып түсті
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде 1,1 млрд дирхамға шығарылған ислами қазынашылық сукукқа (ққнды қағаз) сұраныс ұсыныстан 5,7 есе асып түсті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arabian Business ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ-ның 1,1 млрд дирхам сомасына шығарылған ислами қазынашылық сукукының (T-Sukuk) таяудағы саудасына инвесторлар тарапынан сұраныс артқан - Т-Сукукқа 6,32 миллиард AED сомасына өтінімдер түскен, бұл көрсеткіш әуелгі шығарылған шамадан ұсыныстың 5,7 есе артқанын көрсетеді. БАӘ қаржы министрлігі сауда кезінде сегіз негізгі дилерден 2026 және 2027 мамыр айында T-Sukuk транштарына үлкен сұраныс болғанын мәлімдеді. Сауда-саттық эмитент және төлем агенті ретінде БАӘ Орталық банкімен (CBUAE) бірлесіп жүргізілді. 1,1 миллиард дирхам эмиссиясы 2024 жылдың тамызында жүзеге асырылған исламдық T-Sukuk эмиссиясы бағдарламасының бір бөлігі. Соңғы T-Sukuk саудасының сәтті өтуі 2026 жылғы мамырдағы транш үшін 4,04% және 2027 жылғы мамырдағы транш үшін 3,8% деңгейіндегі кірістілігі жоғары тартымды нарықтық бағаларға байланысты болды. Мұндай бағалар сауда-саттық кезінде өтеу мерзімі ұқсас Америка құрама штаттарының қазынашылық құнды қағаздарынан 0-9 базалық тармаққа жоғары болды. Исламдық T-Sukuk эмиссиясы бағдарламасы кірістілік қисығын жоғарылатуға және инвесторларға қауіпсіз инвестициялық баламаларды ұсынуға, сондай-ақ, жергілікті қарыз капиталы нарығын нығайтуға бағытталған.