Араб елінде газдың тағы бір кені табылды
Араб елінде газдың тағы бір кені табылды
6 ай бұрын 824 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: tampatra

Біріккен Араб Әмірліктерінің солтүстігін жайлаған Шарж үкіметіне қарасты мұнай кеңесі әл Саж өнеркәсіптік аймағының солтүстігінде орналасқан әл Хадиба кен орнында үлкен жаңа газ қорының табылғаны туралы хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған араб елінің WAM агенттігіне жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа кен орны Шарждың ұлттық мұнай корпорациясының (SNOC) соңғы бірнеше айда ұңғыманы бұрғылаумен айналысқаннан кейін ашылды, ол жақын күндері кен орнындағы игеруге арналған газ көлемі мен әлеуетті қорларын растау үшін сынақттан өткізіледі. әл Хадиба – Шарж аумағында орын тепкен, құрлықтағы кен бесінші орны. Бұл кен орнынан өзге әл Саж, Кахиф, Махани және Муайед кен орындары бар. Осы орайда мұнай мен көмір атмосфераны ластаушы қазбалы отын түрлері болғандықтан климат дағдарысын тереңдетпеу мақсатында сұраныс жылдан жылға азая беретенін айта кету керек. Ал газға таза энергия көзі ретінде болашақта басымдық берілетін болады. Бұдан бөлек, атом электр стансалары да жаңғыртпалы энергия көздері секілді қоршаған ортаға зияны жоқ таза энергия ретінде танылған.

0 пікір
Мұрағат