Араб елінде дүкен қожайыны бағаны өсірмес бұрын алдымен рұқсат сұрайды
Араб елінде дүкен қожайыны бағаны өсірмес бұрын алдымен рұқсат сұрайды
3 жыл бұрын 2442 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі адамға ең қажетті азық-түлік бағасын бақылаудың жаңа саясатын қоданысқа енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің экономика министрлігі жаңа ереже талаптарына сәйкес ең өтімді 300 өнімнің бағасын ұдайы бақылауда ұстайтын болады. Соның ішінде нан, жұмыртқа, ұн, тұз, теңіз өнімдері, құс еті, мал еті, ас бұршағы, сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөніс, ыдыс-аяқ жуатын тазалық құралдары, т.б. БАӘ билігі тұтыну және тұрмыстық тауарларды екі санатқа бөліп отыр - ең алдымен сүт, жұмыртқа, нан, ұн, қант, тұз, күріш, өсімдік және зәйтүн майы секілді өнімдер бірінші санатқа жатқызылып отыр. Алғашқы жабдықтаушы тарап бағаны импорт бағасы өскенде ғана көтере алады. Бұдан бөлек, тауар бағасын өсіргісі келетін дүкен қожайыны мен импорттаушы тарап аталған елдің экономика министрлігінен арнайы рұқсат сұрайтын болады. Соның ішінде бағаны өсірудің орынды себебі мен негізі көрсетілуі тиіс. Ал екінші санаттағы тауарлар бағасы сұраныс пен ұсыныс арасындағы ауытқуға байланысты қалыптасатындықтан мұндай тауарлардың бағасын өсіруге арнайы келісімнің қажеті болмайды. Екінші санаттағы тауарларға, мәселен, кофе, шоколад, кондитерлік өнімдер, мұздатылған өнімдер, шырын, балмұздақ, шай, какао, сұлы, чипсы, жууға арналған тазалық құралдары кіреді. Тауарлар бағасын негізсіз өсірген саудагерлер заңмен қудаланады. Аталған араб елінде Парсы шығанағы елдеріндегі нарықта кездесетін шикізат тауарлары бағасының бірыңғай базасы құрылады.

0 пікір
Мұрағат