Араб елінде әзірленген блокчейн Филиппиннің жалпы ішкі өнімін екі пайызға арттырады
Араб елінде әзірленген блокчейн Филиппиннің жалпы ішкі өнімін екі пайызға арттырады
5 ай бұрын 714 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Суретте Venom Foundation қорының бас директоры Кристофер Луис Цу

Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалған және Кайман аралдарында тіркелген Venom Blockchain Филиппинді цифрландыруға ықпал етеді. Бұл жайында islam.kz порталы BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шексіз масштабталатын (ауқымдалатын) блокчейнді әзірлеген Venom Foundation Филиппиндегі бүгінгі таңдағы аса ірі процесті - цифрландыру жобасын жүзеге асыруда. Venom блокчейн технологиясын қолдану өз  кезегінде 10 миллиард қағаз чекті цифрлауға және елдің қаржылық инфрақұрылымын айтарлықтай жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сарапшылардың бағалауынша, бұл блокчейнді енгізу арқылы Филиппин билігі жалпы ішкі өнімді жылына 1-2% ұлғайтуы мүмкін, ал бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын миллиардтаған доллар қосымша кірісті қамтамасыз етеді. Venom қорының бас директоры Кристофер Луи Цу Venom блокчейнін пайдаланып цифрлық чектерге көшудің артықшылықтарын атап өтті: «Чектерді цифрлау жобасы чекті басып шығару және өңдеу шығындарын азайтып қана қоймайды, сонымен қатар, жылына жүздеген миллион Venom токендерін қайта өңдеу процесін жеңілдетеді. Блокчейннің жоғары өткізу қабілеті (секундына 100 000 транзакция) және транзакциялық шығындардың төмендігі блокчейннің өсуіне және оның орталықсыздануына (дәлірегі, оның айналымға немесе қолданысқа кеңінен енуіне) ықпал етеді». Бұл жоба - үкіметтік жобаларда блокчейн технологиясын қолданудың әлемдегі ең жарқын мысалдарының бірі. Venom технологиясына негізделген пилоттық жобалар қазірдің өзінде әлемнің 15 елінде сәтті іске қосылды. Бастапқыда филиппиндіктер IBM компаниясының Hyperledger технологиясын қарастырған еді. Дегенмен, таңдау Venom блокчейнінің пайдасына жасалды, бұл жай ғана технологиялық шешім емес, БАӘ-де жасалған озық технологиялары бар толыққанды институционалдық платформа ретінде алға шығады. «Өткізудің жоғары қабілеті, қауіпсіздік, ауқымдылық және транзакциялық шығындардың төмендігі Venom-ды үкімет пен кәсіпорын қажеттіліктері үшін қолайлы құралға  айналдырады. Оның көмегімен үкіметтер мен компаниялар бұрын-соңды болмаған ашықтық, тиімділік және қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізе алады», - деп мәлімдеді Venom Foundation бас директоры. Venom қоры үш негізгі бағытқа бағытталған: блокчейн желісінің негізгі инфрақұрылымын дамыту, әзірлеушілер үшін ыңғайлы платформа құру және Venom негізіндегі жобаларға техникалық қолдау көрсету. Аталған ұйымның технологиялық шешімдері ірі корпорациялар мен компанияларға уақыт пен қаржылық шығындарсыз ақпарат ағыны мен тасқынын тиімді басқара отырып, орталықтандырылмаған Web3 қолданбаларына оңай және қауіпсіз көшуге мүмкіндік береді.

 

0 пікір
Мұрағат