Араб елінде алғаш рет жолаушылар пойызы іске қосылды (видео)
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында, дәлірегі, Etihad Rail ұлттық теміржолында алғашқы жолаушылар пойызы қатынай бастады. Әбу-Даби қаласынан әл Данна аймағына дейін алғашқы сапарын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы railjournal.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл пойыз Әбу-Дабидің ұлттық мұнай компаниясының қызметкерлеріне арналған. Жалпы ұзындығы 900 шақырымға созылып жатқан теміржол БАӘ-нің барлық аймағының бірыңғай желісіне, сондай-ақ, логистикалық орталықтар мен айлақтарға қосылды. Бұл теміржол бағытын тарту үшін 593 көпір салынып, алты туннел үңги қазылды. Жоспарға сәйкес БАӘ теміржолшылары мұнымен ғана шектеліп қалмайды: жолаушылар теміржолы болашақта аталған елдің 11 қаласы мен елді мекендерін байланыстырады және 2030 жылға қарай миллиондаған жолаушыларды тасымалдай алады.