Араб елін енді ширек ғасырдан кейін танымай қаласыз
Араб елін енді ширек ғасырдан кейін танымай қаласыз
4 жыл бұрын 21147 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі жаһандық жылынуға қарсы күрес науқаны аясында климат өзгерісіне қатысты аса ірі екі жобаны қолға алатындарын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның пәрменімен ел аумағында алдағы он жыл ішінде 10 млрд ағаш отырғызылады. Сондай-ақ, күллі аймақта 40 млрд ағаш отырғызу көзделген «Жасыл Таяу Шығыс» деп аталатын бағдарлама жүзеге асырылады. Аталған аймақтың ең басты проблемасы – құмның жылжуы мен шөлді алқаптың ұлғаюы болып отыр. Сол себепті, мұндай жоба тек жаһандық жылынуға қарсы күрес үшін ғана емес, сонымен қатар, аймақты құмның құрсауынан құтқару мақсаты негізінде де қолға алынады. Бұл тарапта шөлді даланы еңсеру бойынша Қытай тәірибесі ескерілетін болады. Саудия жыл сайын құм  дауылынан 13 млрд доллар шығынға батып отырған ел. Ал ауаның парникті газдан ластану салдарынан аталған араб еліндегі тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 1,5 жылға кеміп кеткен.

0 пікір
Мұрағат